Павлодарда жыл басынан бері 1500 адам алаяқтың құрбаны болған

Павлодарда жыл басынан бері 1500 адам алаяқтың құрбаны болған. Оның басым көпшілігі интернет алаяқтарына алданыпты.  Сол себепті өңір полицейлері тұрғындарға алаяқтың торына түспеудің жолын түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Алаяқтық әрекетке алдынғыш келетіндердің қатарында жастар да бар. Сондықтан тәртіп сақшылары студенттермен кездесіп,  жаңа заң талаптарын түсіндірді.

Қазіргідей  технологияның дамыған заманы алаяқтардың да айласын арттыруға жол ашты. Әсіресе, интернет алаяқтарын тоқтату мүмкін болмай тұр.  Биылдың өзінде өңірде  мың жарым адам  сан соғып қалды.  Алаяқтың арбауына  түспеудің жолын тек тәртіп сақшылары ғана емес, қоғам болып күресетін кез келді.

СҮЙІНДІК ҚАЙЫРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Ең алдымен профилактикалық іс шаралар осындай шаралар жүргізіп жатырмыз халықтың арасында көпшіліктің арасында. Студенттерге түсіндіріп жатырмыз ертең интернет алаяқтарының көмекшілері болмағандай.  Сонымен қатар халық арасында адамдар көп жиналатын орындарда буклеттер таратып, түрлі профилактикалық шаралар жүргізудеміз.

Кибералаяқтық бойынша заң талабы күшейді.  Енді алаяққа көмектесіп, карточкалардан ақша шешіп беретін адамдар да қылмыстық жауапгершілікке тартылады. Заң кешеден бастап күшіне енді. Бұдан былай қыз алып қашатындар да қатаң жазаланбақ.

РЕНАТ АХМЕТЗЯНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Некеге тұруға мәжбүрлеу бойынша жаңа заң қабылданды. Бұл енді қылмыстық жауапгершілік ретінде қаралады. Бұндай қылмысқа барғандар 5 жылдан 10 жыл бас бостандығынан айырылады.  Бізде көбіне «қыз алып қашу» сияқты жайттар жиі кездесіп жатады.

Аталған заң талаптары студент жастарға түсіндірілді. Өйткені, жастар кейде білместікпен  шалыс қадамға барып жатады.

НҰРХАН ЕРАЛЫ, СТУДЕНТ:

Заң және тәртіп тек ғана құқық қорғау органдарының жұмысы емес, ол әрбір азаматтың бойында болуы керек міндет ойлаймын. Заң және тәртіп, заңға бағыну тәртіпті болу деген сияқты. Жастардың арасында кеңінен насихатталу бұл біріншіден жастар арасында құқық бұзушылықты, алданушылықты, алаяқтықтың алдын алады деп ойлаймын. Себебі, көбірек жастардың арасында насихатталған кезде ғана адамдар осы туралы алаяқтық туралы заң туралы көбірек ақпарат біледі.

Бұдан былай адамның қыр соңынан қалмай аңдитындар, қысым көрсететіндер де  жазадан құтылмайды. Оларға 200 АЕК айыппұл салынады немесе 200 сағтқа қоғамдық жұмысқа жегіледі.  Оған көнбеген жағдайда  50 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қолданылмақ.