"Туризмді дамыту – Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтудың негізгі факторы", - Е. Көшербаев

Туризмді дамыту – Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтудың, инвестициялық тартымдылықты арттырудың, өңірлерді дамытудың негізгі факторы. Жолдау аясында саланы ілгерілету жөніндегі жұмыстармен танысқан Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев осылай деді. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін заманауи инфрақұрылым салумен қатар, сервис стандардтарын қалыптастыру аса маңызды. Үкімет басшысының орынбасары бұл бағыттағы жұмыстар сылбыр екенін баса айтты. Курорттарды абаттандыру, туристердің қауіпсіздігі, паспорттық бақылауды жеңілдету және халықаралық лоукостерлерді тарту бойынша нақты тапсырмалар берді.