Президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың нәтижелі орындалуына қоғамның кез келген азаматы үлес қоса алады. Себебі, әрбір мәселе ел дамуы үшін маңызды дейді тұрғындар.
- Туризм саласын дамыту керек. Әлі де шикіліктер бар. Жол мәселесі ғой негізі әлі де туризм саласында. Демалатын адамға жолы жақсы болса ол бірінші орында тұр қазіргі уақытта. Инвесторлар керек. Жақсы- жақсы қонақ үйлер салыну керек. Одан кейін жақсы мамандар тарту керек.
- Мемлекет те екінші жағынан жеке кәсіппен шұғылданатын азаматтар да үлесін қосу керек. Өз жерімізге мысалы қазақ өзін дамытпаса, қазақ өзі патриот болмаса өз жерін, елін сүймесе қайдан даимыз. Сондықтан біздің өз жеріміздегі азаматтарымыз азаматшаларымыз үлесін қосу керек деп ойлаймын.
Демалатын жерлер көп. Өте әдемі жерлер. Сарыағашта болдым өзім. Баянауылда. Павлодар облысы өте әдемі жер. Жолы ғана нашарлау. Жолын жасаса күшті. Кішкене бағасын түсірсе қол тиімді болатындай қарапайым халыққа.
- Солтүстік Қазақстанда құбырларды жөндемей болмайды. Өйткені қыс мерзімі суық бізде. Жылу болу керек әр үйде.
Президенттің жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға қатысты айтылған сөзі орынды деп есептейміз. Петропавлда су жазды күні екі-үш рет тоқтайды. Желілер әбден тозған. 21 ғасырда мұндай келеңсіз жағдайлар болмауы тиіс деп ойлаймын. Желілер жаңартылып, қызмет сапасы өсуі керек.