"Мектептерге антибуллингтік бағдарлама енгізу керек",- Е.Бейсенбаев

"Мектептерге антибуллингтік бағдарлама енгізу керек". Себебі, биыл оқу жылы басталғанына көп болмаса да, жасөспірімдер арасында үш қайғылы жағдай орын алып, үш жасөспірім қаза тапқан. Бұл -дабыл қағарлық жағдай, деді депутат Елнұр Бейсенбаев. Ол мектептерде білім сапасына басымдық берілгенімен, тәрбие жұмысы көбіне қағаз жүзінде қалып отыр. Соның салдарынан оқушылар арасында өзара сыйластық, жанжалды бейбіт жолмен шешу дағдысы жеткілікті деңгейде қалыптаспай келеді деді. Бұның алдын-алу үшін алдымен ата-анаға жауапкершілік жүктейтін уақыт жеткенін айтты.

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бала кәмелеттік жасқа толғанша оның әрбір іс-әрекетіне тікелей ата-анасы жауапты деген міндетті заңнамалық негізде бекітуді тиісті мемлекеттік органмен ойластыруымыз қажет. Бұл ретте, ата-аналардың мектепішілік, мектепаралық іс-шараларға қатысуын күшейткен жөн. Өйткені адамдықтың негізі – отбасындағы тәрбие. Жасөспірімдер отбасындағы немқұрайлықтан, бірінші кезекте ата-ананың бақылауынан кеткенде заң бұзады.