Жылыту маусымының қарсаңында СҚО ТЖД қызметкерлері халық арасында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Қызметкерлер өрт қауіпсіздігі ережелері бейнеленген көрнекі плакаттармен жасалған тұрғын үйдің шағын макетін әзірледі. Осындай ерекше формат бірден тұрғындардың назарын аударды, көпшілігі тоқтап, «қауіпсіздік үйшігінің» не екенін сұрап, оны телефонға түсіріп, әсерлерімен бөлісті.
Назар аударту үшін қауіпсіздік марафоны ұйымдастырылды: дауысзорайтқышпен жабдықталған үш өрт сөндіру көлігі жеке сектор көшелерін аралап өтті. Өйткені күз-қыс мезгілінде мұндай аудандарда өрт қаупі айтарлықтай жоғары.
Акцияның басты мақсаты -азаматтарға еске салу, пеш пен электр жабдықтарын пайдалану ережелерін қатаң сақтау, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау.