«Жаңа буын жаһандық міндеттерді шешуге көмектеседі», - сарапшы

«Наным-сенімі, дүниетанымы әртүрлі болса да, оларды толғандыратын мәселелер – ортақ». Дін көшбасшыларының съезіне келген қонақтар осылай дейді. Үш күннен бері өтіп жатқан жиынның бүгінгі жалғасы жаңа буынды жаһандық міндеттерді шешуге жұмылдыруға бағытталған. Жас діни қызметкерлермен өткен шара екінші рет ұйымдастырылып отыр.  Сарапшылар мұндай басқосудың маңызы зор екенін айтады. Өйткені жастар дін және мәдениет өкілдерінің арасындағы өзара құрмет пен сыйластық рухын терең сезініп өсуі тиіс.

БАУЫРЖАН БАКИРОВ, КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өткен съезден бастап біз жас дін өкілдерінің жиынын өткізіп бастадық. Бұл – екінші басқосу. Біздің арамызда жас көшбасшылар жетерлік. Солар тасада қалмаса екен деген ниет бар. Бұл форум өте маңызды. Қазіргі жастар өте креативті, сыни ойлау жүйесі дамыған.

ФАРИДЕ КАМАЛОВА, ДІНТАНУШЫ:

Мемлекетіміздің дін саласына деген қолдауымен қоса, қамқорлығы, барлық адамдардың бірауыздан бейбітшілікте өмір сүруі. Неге мұндай қолдау, қамқорлық жасап жатыр? Себебі біздің мемлекетіміз - көп ұлтты, көп конфессиялы мемлекет.