"Қытайдың тау-кен өндірісіне салған инвестициясының 21 пайызы Қазақстанға тиесілі", - сарапшы

Қытайдың тау-кен өндірісіне салған инвестициясының 21 пайызы Қазақстанға тиесілі. Бұл туралы Дүниежүзілік қазақ қауымдастығы жастар бірлестігінің төрағасы Нұрдаулет Бөкейхан Қытай кәсіпкерлерімен өткен кездесуде мәлімдеді. Басқосуға Шэньчжэньдік 32 ірі компанияның өкілдері қатысты. Олар еліміздегі жасанды интеллект, көлік, ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларына қаржы құюға қызығушылық танытып отыр.

НҰРДАУЛЕТ БӨКЕЙХАН, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАЗАҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖАСТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір көптеген инвесторлар елге келеді. Бірақ Үкімет жақтан қолдау табу  ақырын болып жатыр. Осы мәселені шешу үшін біз бүгін Шэньчжэнь қаласы мен Астана қаласының бизнесмендеріне көпір болу мақсатында жұмыс жасап отырмыз. Келіп отырған инвесторларда тәжірибе мол, қаржы бар, үшіншіден толыққанды Қазақстанда,Орта Азияда дамуға жағдай жасап отыр.