Қарағанды облысында жолаушы пойызы көлікке соғып, салдарынан бүкіл бір отбасы қаза тапты

Қарағанды облысында бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты.  Жолаушылар пойызы  көлікке соққан.   Машинада 3 адам болған. Полицияның хабарлауынша, пойыз сағатына 92 километр жылдамдықпен келе жатқан. Машинист шұғыл тежегішті басқанмен, тоқтап үлгермеген. Mazda көлігіндегі жүргізуші мен отбасының қалған мүшелері де тіл тартпай кеткен. Қазіргі таңда полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән- жайы анықталып жатыр.