1 миллион қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін

Жасанды интеллект 1 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы  мүмкін.  Бірақ жұмысшыларды нарықтан жаппай ығыстыру болмайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин бүгін мәжілісте осылай деді. Ал депутат Нартай Серсенғалиев  денсаулық саласына енгізілетін жасанды интеллекттен ауылдық ағайын тағы да құр қалады  деп шырылады. Ол алдымен саладағы қарапайым мәселелерді шешіп алуымыз қажет екенін айтты.

Министрлік елімізде жасанды интеллектінің еңбек нарығына әсерін бағалау үшін 423 кәсіп тобына зерттеу жүргізген. Нәтижесінде жұмыс орындарының шамамен 25 пайызы автоматтандырылуы мүмкін екені анықталған. Салдарынан 1 миллион қызметкер жұмыссыз қалуы мүмкін. Олар қаржы, ақпараттық технологиялар, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы мамандар.

ОЛЖАС АНАФИН, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бұл нарықтан жұмысшыларды жаппай ығыстырады деген сөз емес. Қазақстанда еңбек құны салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, автоматтандыру біртіндеп, компаниялар экономикалық тиімділігін көргеннен кейін ғана жүзеге асады. Жалпы алғанда министрліктің алдында жасанды жадыны салаға енгізу бойынша нақты тапсырмалар тұр. Жұмыс жүргізіліп жатыр.

Енді азаматтардың денсаулығына диагностика  жасау үшін, емдеуді жақсарту үшін жасанды интеллект қолданылмақ.  Бұл КТ, МРТ, ультрадыбыстық зерттеу мен ЭКГ нәтижелерін, сондай-ақ зертханалық деректерді автоматты түрде талдауға мүмкіндік бермек.   Бұл орайда  дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәжірибесі негізге алынып отыр.  

ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бірінші ЖИ-ні енгізудің маңызды шарттарының бірі бұл толық және сапалы деректердің болуы. Денсаулық сақтауға ЖИ-ді енгізу үшін біз өзіміз керек деректердің тізімін анықтадық. Бұл біріншіден медициналық ақпараттар екіншісі формакологиялық анықтамалар, үшіншісі қаржылық деректер.

Ал депутат Нартай Сәрсенғалиев  жасанды интеллектіні денсаулық сақтау саласына енгізуден бұрын  қарапайым интернеттің мәселесін шешіп алу керек деді. Себебі әлі күнге дейін шалғай аймақтарда әлеу желіге қосылмаған ауылдар бар. Олар тағы да игіліктен құр қалайын деп тұр деді.

НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Денсаулық саласына ЖИ-ні енгізген күннің өзінде орталықтан шалғайда тұратын, шекаралық елді-мекендерде мекен ететін ағайын қашанғыдай игіліктен құр қалайын деп тұр. Ал алыстағы азаматымызды аман алып қалу үшін телемедицина мен ЖИ-ні қолданамыз десек, алдымен Қазақстанның түкпір-түкпірін сапалы интернетпен қамтамассыз ету қажет.

Жасанды интеллектіні енгізуден бұрын онымен жұмыс істейтін мамандарды реттеу керек, дейді депутаттар. Әйтпесе бұл бастаманың басы бар, аяғы жоқ болары анық.