Мемлекеттік қызметтердің 92%-на QR-мен қол қою енгізілді

Мемлекеттік қызметтердің 92 процентіне QR-мен қол қою сервисі енгізілді. Жақын арада Alem.AI жасанды интеллектінің Ұлттық орталығы ашылмақ. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «TALQYLAU» алаңында айтылды. Сарапшылар мен сала өкілдері цифрлық трансформациядағы жетістіктер мен проблемаларды талқылады.

ДМИТРИЙ МУН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бүгінде мемлекеттік қызметтерді түсіну, пайдалану әлі де оңай емес. Біздің мақсатымыз – осы кедергілерді барынша азайту. Жасанды интеллекттің көмегімен электронды үкімет құралдары қарапайым сұраныс негізінде азаматтар мен бизнеске мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы ұсынуға мүмкіндік беруі тиіс.