Әзілдесемін деп айыппұл төлемеңіз

Қалжыңдасудың да шегі бар. Біреуді мазақ ету — бұл әзіл емес. Буллинг пен кибербуллинг — бұл заң бұзушылық!
 Мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған:
 Бірінші рет жасалған жағдайда ата-аналарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады;
 Егер қайталанса, 30 АЕК (110 760 теңге);
 Егер бұзақылық жасаған бала 12-16 жас аралығында болса, оның ата-анасы немесе заңды қамқоршысы жауап береді.
 Неліктен бұл маңызды?
Себебі әрбір баланың мектепте, интернетте, жалпы кез келген жерде өзін қауіпсіз сезініп, қолдауға ие болуға құқығы бар.
 Егер буллингке тап болсаң — үндемей қалма!
 Мектептегі психологпен сөйлес.
111 байланыс орталығына қоңырау шал — сенің құқығың мемлекеттің қорғауында!