Білікті жұмысшы мамандарын даярлауға арналған 8 мыңнан астам білім беру бағдарламасы әзірленді. Техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының Реестрінде 667 колледж ұсынған 181 мамандық бойынша бағдарламалар қолжетімді. Оның қазіргі еңбек нарығы талаптарына сай болуына ерекше назар аударылған. Солтүстік Қазақстан орта арнаулы білім беретін 24 мекеме бар. Бүгінде онда 11 мыңнан астам бала түрлі мамандықты меңгеруде. Сапалы білім беру жөнінде Президент өз жолдауында айтқан болатын. Билік өкілдері кадр дефицитіне тап болған жеке компаниялармен тығыз байланыс орнатқанын жеткізді. Демек, грантпен оқып жатқан балалар нарықтағы сұранысқа ие бағыттар бойынша даярлануда.
БАУЫРЖАН ЗЕЙНУЛЛИН, СҚО БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Екі мыңға жуық маман жұмысшы мамандығы бойынша тегін оқып жатыр. Оның ішінде тігінші, аспаз, дәнекерлеуші және тағы басқа мамандықтар бар. Яғни, белгілі бір компаниялар қажет мамандықтар туралы бізге арыз жазады. Біз сол бағытта кадрларды әзірлейміз. Студентер оқуын аяқтаған соң, аталған компанияларға барып жұмысқа тұрады.