Мемлекет басшысы «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайнимен кездесті. Президент мәртебелі мейманға VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» ұстанымдары Қазақстанның бейбітшілік саясатына сай келетінін атап өтті. Оның айтуынша, Астанадағы Съезд - дінаралық келісімді нығайтудың айқын көрінісі әрі нақты шешімдер қабылданатын маңызды алаң. Өз кезегінде Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни Жоғарғы имам шейх Ахмет ат-Тайебтің сәлемін жеткізіп, форумның жаһандық бейбітшілікке қосып отырған үлесін жоғары бағалады.