Жалған ақпарат таратқандар 7 жыл бас бостандығынан айыруы мүмкін

Жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстанның екі бірдей кодексінде жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Astana TV.

- Қылмыстық кодекстің 274-ші бабы бойынша 2025 жылдың 8 айында 1 адам жауапкершілікке тартылған. Ал өткен жылы 4 адам жауапкершілікке тартылған. Әкімшілік кодекстегі 456-2 бап бойынша, биыл 51 адам жауапқа тартылған. Оның ішінде 48 адамға жалпы сомасы 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған және 3 адам әкімшілік қамауға алынған, – дейді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.