Жыл басынан бері ұлттық және діни алауыздықты қоздырған 11 адам сотталды, деп хабарлайды Astana TV.
«Елорда тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирде әдепсіз сөздерді қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдіріп, сол арқылы ұлттық негізде жанжал тудырған», - делінген хабарламада.
Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденіп, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
11 тұлғаға қатысты сот актілері заңды күшіне енді.