600 млн теңгенің темекісі тәркіленді

12 қыркүйекте ҰҚК Шекара қызметінің мамандары жүк пойызын тексеру барысында акциздік маркаларсыз 890 980 қорап темекі бұйымын анықтады, деп хабарлайды Astana TV.

- Алдын ала мәлімет бойынша, темекілерді құрылыс материалдары түрінде жасырын әкелуге және ілеспе құжаттарсыз мемлекеттік шекарадан өткізуге әрекет жасалған, деп жазды ведомстводан.