Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

"Қазгидромет" мәліметіне сүйенген департамент бүгін, 19 қыркүйекте Алматыда кей жерлерде күшті, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Astana TV.

Тұрғындарға берілген ұсыныстар:

  • Тауларға шығудан бас тарту
  • Электр желілерінің бүтіндігін бақылау
  • Көлікті ағаштар астына қоймау
  • Әлсіз бекітілген құрылыстардың жанында тұрмау – жарақат алу қаупі бар

Туристерге ерекше ескерту жасалды: таулы аймаққа сапарлар мен серуендерді ауа райы тұрақталғанша кейінге қалдырған дұрыс.

"Кешкі сағаттарға дейін тауда тұрмаңыздар – қайту жолын жоғалту қаупі бар", – деп қосты ТЖД.