Жаңа туған сәбилер 500 мың теңгеден сатылып жатыр. Жыл басынан бері 19 іс тіркелген. Шетелге кеткен шақалақ жоқ, бәрі ел ішінде саудаланыпты.Безбүйрек аналар құндақтағы баласын 500 мыңнан 1,5 миллионға дейін бағалайды. Жалпы, елде адам саудасы өршіп тұр. Биылдың өзінде 141 тұрғынның құқығы тапталған. Қазақстанда сауда құрбандарының 70 проценті – шетелдіктер. Жұмыс берушілер құжатсыз мигранттарды құлша жұмсап жүр. Қаражатты үнемдеу үшін сырттан келгендерді тірлікке тартып, құлдыққа жегеді.
МАРАТ БАШИМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мәне, бір жыл болды біздің заң жобасын қабылдағанымызға. Заң қазір іске асты, нәтижесін көріп отырмыз. 141 іс қозғалып, қанша проблеманы көтеріп отыр. Органдарды сатқанның өзінде 7 қылмыстық іс қозғалу деген бір жылдың ішінде көрсетіп отыр. Проблема салада бар. Мемлекет ол проблемамен, азаматтық қоғаммен күреседі. Заң жобасына біз тағы да өзгерістер енгізіп отырмыз.