«AMANAT» партиясы фракциясының отырысында Президент Жолдауы талқыланды

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2025

Ақтөбеде «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті. Жиынға Президент Жолдауы арқау болды. Сондай-ақ, партияның  «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасы талқыланды.  «Қарызсыз қоғам» жобасы нәтижелі жүзеге асырылуда. Өңірде 16 646 адам қаржылық сауаттылық курсынан өтіп, сертификат алды. Биыл бұл көрсеткішті 18 700-ге жеткізу жоспарланып отыр. Жол картасы аясында биыл 29 индикатор орындалып, 10 білім беру, 5 денсаулық сақтау және 1 спорт нысаны пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 5 мәдениет пен 2 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жүргізілді.

НАРҚОЗЫ ҚАРТЖАН, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Президент осы жолдауда халыққа құлақ асатын мемлекет қағидатын тағы да бір дәлелдегендей болды. Себебі жалпы жүріп жатқан барлық процесстерді енді цифровизациялауға , оған қоса қазіргі жаһандық трендке айналған барлық салаға кіріп жатқан жасанды интелелкт туралы да біраз сөз қозғап, бүкіл республикалық мемлекеттік деңгейдегі құрылымдарға енгізу туралы өз ұсыныстарын берген болатын.