Жастар есірткіге қарсы акцияға қатысты

Астананың ерікті жастары есірткі жарнамаларын жойды. Ал Өскеменде колледж студенттеріне зиянды затты тасымалдаған курьерлерді полиция қалай қолға түсіретінін қойылым арқылы көрсетті. «AMANAT» партиясының жанындағы «Жастар Рухы» республикалық деңгейде осы бағытта ауқымды іс-шаралар жүргізуде. Толығырақ тілшіміз баяндайды.

Мемлекет басшысының биылғы жолдауында және қауіпсіздік кеңесінің отырысында заң мен тәртіпті сақтау, наркотизммен күресті күшейту мәселесі айрықша назарға алынды. Қоғамдық орындарда есірткі жарнамаларын жою. Қазірге дейін жергілікті полиция департаменттері мен қоғамдық көшбасшылардың қатысуымен жүзеге асып келеді. Бұл шара жастардың санасын өзгертіп, әлеуметтік қауіптердің алдын алуға бағытталған.

АҚЕРКЕ ИСКАНДЕРОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі таңда өтіп жатқан "Есірткіге жол жоқ" акциясы. Бұл жерде жастар өздері ПД-мен бірлесіп, есірткінің жарнамасын өшіру бойынша жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда ел бойышна он екі мың жарнама жойылды.

Бүгін қаламыздың жастары зиянды заттардың кеңінен таралуына тосқауыл болуға барынша үлес қосты.

ТИМУР ГИЗАТУЛИН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Синтетикалық есірткі өнімдерінің жарнамасын жою жұмыстарына белсенділер, партия мүшелері де жұмылдырылды. Жалпы осындай жұмыстар жиі жүргізіліп тұрады және жарнамаларды жоюды тоқтатпайтыныммызды айтқым келеді. Сондай-ақ бізге жарналамалардың қандай жерлерде тұрғанын табуға көмектесіп жатқан еріктілерге де айтар алғысымыз шексіз. Айтқым келетіні біздің болашағымыз, есірткісіз болуы керек. Соны насихаттау біздің басты мақсатымыз.

Бүгінге акция әр аймақта өтуде. Мәселен, Өскемендегі колледж студенттеріне есірткі бизнесіндегі «жеңіл ақша» немен аяқталатыны көрнекі түрде көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – жастарға қылмыстық бизнестің ауыр салдарын жеткізу. Полицейлердің айтуынша, есірткі тасымалдаған жастар қылмыскерге айналады.

ҚОРЛАН ТҰҒАМБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұның негізгі мақсаты осы жастардың арасында осы қойылым арқылы шынайы өмірде осы полияция қызметкерлері закладчиктерді қалай ұстайтынын, қалай анықтайтынын тосынсый ретінде көрсетеміз жіне жастардың эмоциясымен бөлісеті боламыз.

«Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері атап өткендей, мұндай акциялардың басты мақсаты, студенттерге психотроптық және есірткі заттарын тарату үшін елімізде 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза қарастырылғанын түсіндіру.