Қытайдан велосипедпен шыққан Жалын Тұрсынұлы Алматыға келді

Қос дөңгелекпен екі елдің арасын жалғаған - батыр ұл. Қытай астанасы Бейжіңнен велосипедпен шыққан 29 жасар Жалын Тұрсынұлы Алматы облысы Бәйдібек би ауылына табан тіреді.  18-ші шілдеде  жолға шыққан спортшы 4 жарым мың шақырымнан аса қашықтықты 60 күнде жүріп өткен. Спортшыны ауыл тұрғындары салтанатпен қарсы алып, алдағы сапарына сәттілік тіледі. Қандасымыздың ендігі мақсаты - Астанаға жету.

ЖАЛЫН ТҰРСЫНҰЛЫ, ВЕЛОШЕРУШІ:

Екі астананың арасын 70 күн жүремін деп ойлағамын. Бірақ жолдың жағдайына қарай жауын шашын демалған күндер болып қалды. Енді Астанаға амандық болса 15 күнде жетемін деп отырмын.