Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп айтты, деп хабарлайды Astana TV.
“Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен спортшыларға мемлекет тарапынан сыйақы қарастырылған. Федерация тарапынан спортшы мен бапкеріне І орынға 100 мың доллар, ІІ орынға 50 мың доллар, ІІІ орынға 30 мың доллар беріледі. Ал бас бапкерлерге қосымша 100 мың доллар қарастырылған” - деді Шахмұрат Мүтәліп.