Мұны Президент Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оңтүстік Кореяның Кёнджу қаласында 31 қазанда Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының саммиті өтуі тиіс. Екі жақ осы жиын аясында бас қоспақ.
Ақ үй басшысының айтуына қарағанда, ол Си Цзинпиньмен телефон арқылы сөйлесіп, сауда-саттық және Украина дағдарысы бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді. Сондай-ақ президент Трамп келер жылдың басында Қытайға баратынын атап өтті.