Ертең Астанада әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады. Бұл туралы ASTANA TV хабарлайды.
Астана қаласының әкімдігінің ақпаратынша, шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді.
Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады.
«Астаналық цирк» автотұрағы;
«Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
«Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
Орталық саябақ автотұрағы;
«Бас мешіт» алдындағы автотұрақ.
Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.