Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды

 20-қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Түс ауа 18 команда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,  Торғай ауылынан жорықбастап, Жангелдин ауданы Тәуіш ауылының маңынан аялдады,-деп хабарлайды ASTANA TV. 

  Бірінші кезеңнің яғни 50 шақырымның қорытындысы бойынша, Қырғызстанның екінші командасы жеңімпаз атанды. Ұлытау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Қырғызстанның бірінші командасы үштікті түйіндеді.     

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25-қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында мәреге жетеді. Қолдау көрсетушілер: «Amanat» партиясы және Қостанай облысының әкімдігі. Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасап жатқан Қостанай облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтамыз.

Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.