Америка президенті газеттен «жала жапқаны» үшін 15 миллиард доллар өтемақы талап етті. Судья оның талабының тым ұзақ екенін айтып, Трампқа оны қысқартуға 28 күн берді, деп жазады DW.
ШшФлорида соты АҚШ президенті Дональд Трамптың New York Times газетіне қарсы миллиард долларлық талап арызын уақытша қанағаттандырмады. Судья Стивен Мерридей 85 беттік шағым тым ұзақ және процессуалдық талаптарға сай емес деп түсіндірді.
Осы аптаның басында Трамп New York Times газеті мен оның бірнеше журналисіне жала жапты деп айыптағанын мәлімдеді. Ол газет «қасақана» оны 2024 жылғы сайлау алдында беделін түсіруге әрекет жасады деп айыптады.
Президент шығынды 15 миллиард долларға бағалап отыр.
Алайда газеттегілер бұл мәлімдемелерді негізсіз деп санайды.
– Арыздың заңдық негізі жоқ және тәуелсіз журналистиканы басып-жаншу әрекеті, - деді редакция өкілі.
Ол «Нью-Йорк Таймс» газеті «қорықпай» жұмысын жалғастырады және журналистердің «Америка халқының мүддесі үшін» сұрақ қоюға конституциялық құқығын қорғайтынын айтты.
Трамптың бұл америкалық БАҚ-қа қарсы заңды шара қолдануы бірінші рет емес. Ол бұған дейін CBS және ABC компанияларына қарсы сотқа шағым түсірген, нәтижесінде миллиондаған долларлық есеп айырысулар болған. Сыншылар бұл қадамдарды баспасөз бостандығына жасалған шабуыл деп санайды.