Бүгін – Халықаралық бейбітшілік күні

21 қыркүйек – Халықаралық бейбітшілік күні

Бұл күн 1981 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілді. Ол келісім, өзара түсіністік және сындарлы диалогтың кез келген қиындықты еңсеріп, тұрақты болашақ құрудағы маңызын еске салады.

Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға белсенді үлес қосып келеді. Еліміз бейбіт бастамалар көтеріп, халықаралық келіссөздер алаңын ұсынып,  БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатысады, диалог құндылықтарын ілгерілетуде.