Өрт сөндірушілер өрт кезінде үш газ баллон алып шықты

Қарағанды облысы Балқаш қаласы Достоевский көшесінде жеке үйдің ауласында орналасқан гаражда өрт шықты.

ТЖМ қызметкерлердің үйлесімді де жедел әрекеттерінің арқасында өрт 10 ш.м. алаңда толығымен сөндірілді. Сонымен қатар, үш газ баллон қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!