Құтқарушылар күзетті

Мөңке би мерейтойы: мерекенің тыныштығын ақтөбелік құтқарушылар күзетті.

Ақтөбе қаласында қазақтың даңқты биі, көреген жырау, Әбілқайыр ханның сенімді кеңесшісі – Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдық мерейтойына арналған кең көлемді мәдени-рухани іс-шара өтті.

Осы күнге орай қаланың қақ төрінде 60 ақ шаңқан киіз үйден құралған этноауыл тігіліп, 20 мыңнан аса тұрғын мен қонақты құшағына алды.

Этноауыл төрінде ұлттық спорт түрлері де қыза түсті: боз кілемде балуандар белдесіп, тоғызқұмалақ пен асық ату сайыстары ұйымдастырылды.

Ұлы бабаға тағзым еткен бұл мерекеде қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етіп, тыныштық күзетінде болған – құтқарушылар еді.