Ауыл құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді

Ақмола облысы Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев ауылында жеке тұрғын үй аумағында шаруашылық құрылысының өртенуі орын алды.

Оқиға орнына жедел-жәрдем, құтқарушылар және "Ауыл құтқарушылары" күштері жедел келді. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында оттың жақын маңдағы құрылысқа таралуына жол берілмеді. Өрт 10 ш.м. аумақта толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз!