Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 23 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Беларусьте «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Astana TV.
Екі команда бұған дейін 34 мәрте кездескен. Оның 14-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, биыл елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және өзге де ойыншылар келісімшартқа қол қойды.