Қазақстанда сән мен сұлулыққа ең көп қаржы жұмсайтын қай қала?

Қазақстанда сән мен сұлулыққа ең көп қаржы бөлетін қала тұрғындары анықталды, деп хабарлайды Astana TV.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, Шымкент тұрғындары бұл бағытта ең белсенді болып шықты. Ресми статистикаға сәйкес, шымкенттіктер бір адамға шаққанда үш ай ішінде орта есеппен 36,4 мың теңгені сұлулық индустриясына жұмсайды. Алайда, өңірдегі кіріс деңгейі республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен.

Мәселен, Шымкентте тоқсан сайын жан басына шаққандағы табыс 267,5 мың теңгені құрайды. Бұл елдің орташа деңгейінен 25%-ға аз. Соған қарамастан, қала тұрғындары табысының 14%-ын сыртқы келбетіне арнайды. Қазақстан бойынша бұл үлес шамамен екі есе төмен.