«ҚТЖ-Жүк тасымалы» 1,42 млрд теңге айыппұл төлейді

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2025

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ға қатысты монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Astana TV.

Тексеру қорытындысына сәйкес, компания жүк тасымалдау жоспарларын келісу кезінде аффилиирленген «KTZ Express» және «КедентрансСервис» серіктестіктеріне артықшылық беріп, жеке экспедиторлардың қызметіне шектеу қойған.

Бұл әрекет Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 159-бабы бойынша заңбұзушылық деп танылып, іс сотқа жолданған.