Елде соңғы алты айда 135 бала жол апатынан қаза тапты

Биылғы жылдың алғашқы алты айында елімізде жол-көлік оқиғаларынан 5 500 бала жараланып, 135 бала қаза тапты, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Саян Әбденов хабарлады. Ресми дерекке сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 8,5 миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 7 миллионы көлік жүргізушілеріне қатысты болған.

Сонымен қатар, 11 мыңнан астам жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Солардың 158-і жол апатына себепші болып, салдарынан 282 адам жараланып, 17 адам көз жұмған.