Доллар 546 теңгеден саудаланып жатыр

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 22 қыркүйекте 541,19 теңге болып бекітілді, деп хабарлайды Astana TV.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде қазіргі уақытта долларды сатып алу орташа есеппен 542,59 теңге, сату – 544,43 теңге деңгейінде. Ал Астанада долларды орта есеппен 541,41 теңгеден сатып алып, 546,47 теңгеден сатуда.

15 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 0,34 теңгеге өскен, 16 қыркүйекте – 1,49 теңгеге төмендеген, 17 қыркүйекте – 1,25 теңгеге, 18 қыркүйекте – 0,21 теңгеге көтерілген, ал 19 қыркүйекте 0,09 теңгеге арзандаған болатын.