Атырау облысында сиыр қырылып жатыр

Атырау облысында сиыр қырылып жатыр. Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында 13 ірі қара арам қатқан. 

Ауыл халқының айтуынша, жайылымға кетіп, Жем өзеніне су ішуге барған малдан тірі қайтып жатқаны жоқ. Су жиегінде, тоғай ішінде теңкейіп-теңкейіп шашылып жатыр. Арасында бірлі-жарым түйе де бар. Ал лас суды ішпейтін жылқы суға ауыз салмай қойған. Әдетте суға бас қоятын ит екеш ит те беттемепті. Сондықтан ауылдықтар Жем өзені бойына салынып жатқан шлюзден деп болжап отыр. Айтуларынша, судан уланған. Малдың ішкі құрылысы әбден бұзылғанын айтады.  Ал әкімдік өкілдері 5-ақ мүйізді ірі-қараға акт жасадық деп отыр.

БЕКАРЫС МЕҢДІҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Өлген малдың барлығынан сынамалар алынып, Атырау облыстық ветеренарлық зертханаға  улануға қарсы және аса қауіпті ауруларға қарсы зерттеуге жіберіліп отыр. Зерттеу нәтижесі шыққанан кейін  қосымша хабарлайтын боламыз.