Филиппинге супер тайфун қаупі төніп тұр

Екпіні 230 км/сағ (144 миль/сағ) жететін «Рагаса» тайфуны дүйсенбі күні батысқа, оңтүстік Қытайға бет алғанша халқы аз солтүстік аралдарға соғуы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

Филиппин метеорологиялық басқармасы максималды толқындар 3 метрден (9,8 фут) асатын дауылдың жоғары қаупі туралы ескертті.

Елдің басым бөлігінде, соның ішінде астана Манилада мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылды. Билік жаппай су тасқыны, көшкін, үйлер мен инфрақұрылымның зақымдануы мүмкін екенін ескертті. Тайфун құрлыққа жетеді деп болжанған шалғайдағы Батанс және Бабуян аралдарында шамамен 20 000 адам тұрады, олардың көпшілігі кедейшілікте өмір сүреді.

Аралдар Тайваньннан шамамен 740 км (450 миль) жерде орналасқан, онда аралдың шығысындағы Хуалиен округінен 300-ге жуық адам эвакуацияланған.

Рагаса Тайваньға тікелей әсер етпеуі мүмкін, бірақ шығыс жағалауға нөсер жаңбыр жауады.

Тайваньнның оңтүстігі мен шығысындағы орманды аумақтар мен табиғи соқпақтар дүйсенбі күннен бері жабылды, ал кейбір паромдық рейстер тоқтатылды.

Қытайдың Гуандун провинциясының билігі жұртшылықты «үлкен апаттарға» дайындалуға шақырды.

Гонконгта билік сейсенбі күні ауа райының «күрт бұзылуы» туралы ескерту жасап, білім бөлімі оқу уақытын өзгертуді қарастырып жатыр.