Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен биылғы Жолдаудың қорытындысына арналған дәстүрлі кеңес өтті. Жиында Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру, этносаралық, конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдық бірлестіктермен, сарапшылармен өзара іс-қимыл, ақпарат, отбасы және жастар саясаты мәселелері қаралды. Мемлекеттік кеңесші биылғы Жолдаудың негізгі идеясына тоқталды. Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыда дамыған ел ретінде танылуды көздеп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, ішкі саяси жұмыстың негізгі басымдықтарын да тілге тиек етті. Бұдан бөлек, салалық мемлекеттік органдар әрдайым ақпараттық алаңға мониторинг жасап, азаматтардың өзекті сұранымдарына талдау жүргізіп отыруға тиіс деді. Диалог арқылы бірлескен тиімді шешімдерді іздестіру керегін, заң аясында фейктер мен жалған ақпараттың жолын кесудің маңыздылығына да тоқталды. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, ішкі саясат саласында жаңа тәсілдерді жедел енгізудің маңыздылығы атап өтті.