Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК еліміздегі қалалардың ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 23 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау, Ақтөбе, Ақтау, түнде Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.