Ерлер арасындағы ең беделді марапатты «ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле иеленді. Оған жүлдені аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдиньо табыстады.
Өткен жылы «Алтын доп» ағылшынның «Манчестер Сити» клубында ойнайтын испан жартылай қорғаушысы Родриге бұйырған еді.
2024/25 маусымының қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік футболшысына берілетін France Football журналының «Алтын добы» Париждегі Шатле театрында табысталды.