Қазақстанда алғаш рет «Поттер пойызы» жолға шығады

Ұлттық тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ ерекше мәдени-ойын-сауық жобаны іске қосты. Елімізде алғаш рет жолаушыларға арналған театрландырылған шоу-пойыз – «Поттер пойызы» жолға шығады.

Керемет шоу барысында жолаушылар Гарри Поттер әлеміндегі кейіпкерлермен бірге сиқырға толы саяхатқа аттанып, интерактивті қойылымдарға қатыса алады. Балаларға арнайы сыйлық ретінде сиқырлы таяқша табысталады.
Жоба жаңа 4 вагоннан тұратын электропойызда жүзеге асырылып, «Астана-1 – Тастақ – Астана-1» бағыты бойынша қатынайды. Қашықтығы – 60 шақырым, ал бағдарлама уақыты шамамен 2 сағат.

Рейстер кестесі

5 қазан 2025 жыл, 11:25

12 қазан 2025 жыл, 11:25