Жыл соңына дейін азық-түлік өндірушілерді, сауда желілерін және Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды тікелей байланыстыратын агромаркетплейс ашылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты.
«Қазақтелекоммен» бірлесіп, өндірушілерді, сауда желілерін және Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды тікелей байланыстыратын, делдалдарды алып тастайтын агромаркетплейсті іске қосуды қарастырудамыз. Оны жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған, – деді А.Шаққалиев.
Сонымен бірге, бақылау шаралары аясында және делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия жұмысы арқылы тиімсіз делдалдар анықталып, жойылып жатыр.