«Теңізшевроил» кәсіпорны - Қазақстан-АҚШ экономикалық қарым-қатынасының жемісі

Ел тәуелсіздігімен түйедей құрдас «Теңізшевроил» кәсіпорны - Қазақстан-Америка Құрама штаттарының экономикалық қарым-қатынасының жемісі. 

Бастапқыда 3 млн тонна мұнай өндірген кәсіпорын Келешек кеңею жобасы аясында мұнай өндіру көлемін ұлғайтып келеді. Биыл алғашқы жартыжылдықта 19,46 млн тонна қара алтын өндірді.Теніз кен орнындағы барлық  нысандар толық ендірістік қуатқа  кешкеннен кейін, ТШО- ның жалпы жылдық мұнай өндіру көлемі 40 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде. Алып кәсіпорын қызметкерлерінің 95 пайызы – қазақстандық  екенін айта кетейік.

АЙБЕК ҚРАМБАЕВ, “ТЕҢІЗШЕВРОИЛ” ЖШС ҮКІМЕТПЕН ЖӘНЕ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

Қазақстандық қамтуды дамыту ТШО үшін стратегиялық басымдықтардың бірі болып қала береді. Айта кететін жәйт, ТШО 1993 жылдан бері 51.4 млрд АҚШ долларына жуық қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтерін сатып алды. Бұл сатып алулар тек Атырау облысын ғана емес, басқа да өңірлерді қамтып, олардың экономикалық белсенділігін арттыруға ықпал етті.