Павлодарда автобус жүргізушісі рульде көз жұмды

Павлодарда автобус жүргізушісі көз жұмды. Оқиға қаладан шыға берістегі көпір үстінде болған. Қоғамдық көлікті тізгіндеп келе жатқан жүргізушінің жағдайы күрт нашарлаған. Соған қарамастан, ол автобусты тоқтатып үлгеріпті. Жедел жеткен жедел жәрдем қызметі 63 жастағы ер адамның жан тапсырғанын анықтады. Жүргізушінің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.