Павлодарда екі жігіт бір үйдің екі бірдей баласын зорлаған

Павлодарда бір үйдің екі бірдей баласын зорлаған педофилдерге қатысты сот үкімі шықты. Олардың біреуіне 22 жыл, екіншісіне 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот отырысы жабық жағдайда өтті. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің және сот сараптамасының айғақтарымен дәлелденді. Педофилдер өмір бойына педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырылды.  Естеріңізге салайық, сұмдық оқиға былтыр болды. 15 жастағы қыз   жүкті болып қалған. Оны  мұғалімдері байқап, дәрігерге хабар беріпті. Ал оның ағасын да, педофильдер зорлап, қорлық көрсеткен. Осы  оқиғадан кейін полицейлер күдіктіні іздеп тауып, қамауға алған болатын.

АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сотталушылардың жасаған қылмыстары аса ауыр аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Және де бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, Г-ға 22 жылға, ал О-ға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.