Павлодар облысында жол апатынан бес адам қаза тапты. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
– Алдын ала деректер бойынша, 23 қыркүйек күні «Павлодар–Қызылорда» автожолының Бәйет ауылынан 5 шақырым жерде «Toyota Lucida» автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамай, «Sitrak» жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota автокөлігі өртенді. Төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапты, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Полиция департаменті осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде аса мұқият болу және көліктің техникалық жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.