Астанада «Үздік жас отбасы» байқауының финалы өтті. Шара отбасы күніне орай ұйымдастырылған. Іріктеуден өткен 10 жанұя көрерменге өз шаңырағындағы дәстүр мен құндылықтарды таныстырып, шығармашылық өнерлерін паш етті. Сахнада ән мен би, театрландырылған көріністер мен ұлттық салт-дәстүрлер көрсетілді. Кеш соңында жеңімпаздарға қомақты сыйлықтар табысталды.
ҚАЖЫМҰРАТ ОТБАСЫ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:
Бүгінгі жас отбасылар жарысы өте керемет өтті деп есептеймін. Отбасылар мықты дайындықпен келді. Тамаша көрініс болды. Жалпы айта кетейін дегенім, елімізде осындай іс-шаралар көп болса деп тілеймін.