Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданған соң, Оралдағы өндіріс ошақтарында жазатайым жағдайлар екі есе азайыпты. Қауіпсіздікке қойылар талаптың күшейтілуі өз нәтижесін берді, дейді сала мамандары. Бүгінде өңірде 200-ге тарта кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізген. Бұдан кейін арнайы аттестаттаудан өткізілген. Ал басшылары мен мамандары еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша білімдерін жетілдіріпті. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.
ҚАЗБЕК ЖҰМАГЕРЕЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІНІҢ БҚОД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ:
2025- жылы 24 жазатайым оқиға тіркелген. Бұл енді 24-жылмен салыстырғанда 45 пайызға аз. Бұл енді еңбек қауіпсіздігі тұжырымдамасының бекітілуінің арқасында деа айтуға болады. Объектілерге шығып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, профилактика жұмыстарын жүргізу, барлығы соның арқасында. Биыл енді біздер жақсы нәтижеге шығып отырмыз деп айтуға болады.