Атырауда екі аққу құтқарылды

Бүгін әлеуметтік желілерде жылы жаққа ұшып кетпеген екі аққу балапанының Жайық өзенінде қалғаны туралы хабарлама пайда болды.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары аққуларды қауіпсіз жерге шығарып, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына тапсырды.

Енді мамандар аққулардың қыстан аман шығуы үшін оларға қамқорлық жасайтын болады.