Қызылжарда жергілікті университеттің 29 студенті ғылыми әріптестік аясында АҚШ-тың Аризона штатына оқуға жіберілді. Қозыбаев университеті мен Аризоналық жоғары оқу орнының арасында әріптестік орнаған. Оның аясында қазақстандық студентер қос диплом алуға мүмкіндік алды. Қазір 345 студент екіжақты білім алып жатыр. Сондай-ақ, жергілікті жастарды оқытуға аризоналық мамандар да атсалысуда. АҚШ-тан арнайы шақыртумен келген 8 профессор бірлесіп ғылыми жобаларды іске асырып жатыр.
АСЕТ ЖАНИСОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАМПУСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Аризона университетімен бірге агрономияда ірі зерттеулер басталып жатыр. Оның ішінде біздің өңірге байланысты егіннің сапасына байланысты, оның табиғи климатқа байланысты жақсы бір түрін шығару, сонымен қатар су ресурстарын пайдалану, дұрыс үнемдеу тазалығына байланысты басқа да зерттеулер басталып жатыр бізде.